Жаңалықтар

САЙЛАУШЫЛАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

ҚР Ұлттық мұрағаттың ғимаратында Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәулен Әшімбаев пен Гүлжан Қарағұсова сайлаушылармен кездесті.

Шара барысында депутаттар бірінші сессияның қорытындылары туралы баяндап, Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелер талқыға түсті. Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, кездесуде астаналықтар әлеуметтік сала бағытында ұсыныстар айтқан. Балабақша мен мектептердің жетіспеушілігіне қатысты мәселелерді жиі көтерген. «Біз сайлаушылар жасаған ескертулер мен ұсыныстарды алдағы жұмысымызда ескеретін боламыз» дейді М.Әшімбаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button