Елорда тынысы

Сайлау барысын бақылаймыз

Әділетті сайлау үшін тәуелсіз байқаушылардың рөлі зор. Олар сайлау процесін әділетті түрде байқап отырады. Себебі тәуелсіз байқаушылардың басты міндеті – сайлау­дың әділ және таза өтуін бақылау.

Алдағы сайлау әділ өтеді деген ойдамыз. Өйткені ол жерде көптеген байқаушы болады және қазір бірмандаттық жүйе арқылы көптеген белсенді азаматтар мен азаматшалар қатысып жатыр. Сайлау күні сол кісілердің сенімді өкілдері де отырады байқаушы болып. Бұл сайлаудың әділ өтуіне бірден-бір дәлел дегім келеді.

Азаматтар сайлауда байқаушы болып өзінің азаматтық-саяси көзқарасын қалыптастырады. Біз алдағы сайлауда «Baqyla» қоғамдық қозғалысының атынан елордадағы 305 ашық сайлау учаскесіне сайлаудың әділ өтуін бақылайтын байқаушыларды дайындап жатырмыз. Олар арнайы оқытудан өтіп, тәжірибе жинақтап жатыр. Қазірдің өзінде 150-ге жуық байқаушы сол оқытудан өтіп жүр, сондықтан алдағы сайлауды бақылауға дайын десем де болады.

Аңсар ҚАЙЫРЖАНОВ,

«Baqyla» қоғамдық ­қозғалысының Астана қаласы бойынша үйлестірушісі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button