#Жаңа Қазақстан

Сайлау күні шаңырақ көтерді

Елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №393 сайлау учаскесінде қала жастары сайлауда өз таңдауын жасап, үлкен өмірге қадам басты.

«Учаскеде адам қарасы көп болды. Таңдау жасау оңай болмады. Сайлау күнінде тұрмыс құрып, отбасымыздың уығын қадап, шаңырағын тіктедік. Бұл күнді ондаған жылдан кейін де бірге сағына еске аламыз деген ойдамыз. Кішкентай отбасымыз Отанымызбен қатар гүлденсе, көркейсе, көбейсе деген үміттеміз» дейді жас жұбайлар Мұхаммедали Бейсенбеков пен Аруна Сұлтан.

19 жасар қыз осымен екінші рет сайлауда дауыс берді. Жас шаңырақ иелерінің игі тілегін көпшілік жақсылыққа балады. Саяси дода ашық, әділ, таза өтіп, еліміз демократияның даңғыл жолына түссе деген пікір білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button