Елорда тынысы

Сайлау мәселелері сараланды

Кеше Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қала әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Тимур Мусин қаладағы сайлау учаскелерінің шекараларымен, Парламент Мәжілісі және елорда мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарымен таныстырды. Кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.

Қоғамдық кеңес мүшесі Жасан Зекейұлы Қазақстан азаматтығы жоқ адамдардың дауыс беру мәселесін көтерді.

– Шетелдерде де сайлау учаскелері орналасқан. «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңына сәйкес дауыс беру құқығы республиканың азаматтығы бар адамдарға ғана беріледі. Ал шетелдерде тұратын, диаспора болып табылатын қандастарымызда Қазақстан азаматтығы болмаса, дауыс беруге құқығы жоқ, – деді баяндамашы сауалға жауап беріп.

Сондай-ақ жиында қалалық Қоғамдық кеңестің осы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button