Елорда тынысы
Сайлау учаскесін 4 тәсілмен біле алады
Астаналықтар сайлау учаскесін 4 тәсілмен онлайн біле алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді.
Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, бірнеше әдіспен біле алады.
Онны келесі жолдармен жасауға болады:
– Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/;
– Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot;
– IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша;
– «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – референдум учаскесін іздеу.