#Жаңа Қазақстан

Сайлау учаскесін қалай анықтауға болады?

19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн анықтауға болады.

Астана қаласының әкімдігі сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде мынадай тәсілдермен алуға мүмкіндік беретінін жариялады:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz
  2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
  3. Smart Astana мобильді қосымшасы
  4. iKomek бірыңғай байланыс орталығы, «109» телефоны бойынша

Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, сол сияқты аталған учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болып саналады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталына жүгіну қажет, онда «азаматтық, көші-қон және иммиграция – халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button