#Жаңа Қазақстан

Сайлау учаскесіне инватаксимен жетті

«Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Мұрат Әбдімомынов қаладағы №74 мектеп-гимназиясында орналасқан №331 сайлау учаскесіне инватаксимен келіп, дауыс берді.

—Бүгінгі сайлаудан кейін еліміздің жағдайы одан сайын жақсарып, бұған дейін қабылданған көптеген бағдарламалар сәтті аяқталады деген сенімдемін. Сонымен қатар қала әкімдігінің қолдауымен және «Қазақ зағиптар қоғамы» бірлестігінің инватакси қызметінің арқасында қаланың шет аймағынан келіп, сайлауға қатысуға мүмкіндік берілгеніне алғысымды білдіремін. Бұл қызмет қалада 29 мыңнан астам  мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп отыр. Мұның бәрі әкімдіктің, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының күшімен атқарылып, біз сияқты жандар барлық қоғам өкілдерімен бірдей қалаған жерімізге баруға мүмкіндік алып отырмыз,-дейді ол.

Мүгедек жандарды әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ететін бірлестік 1937 жылы құрылған.

-3 инватакси қызметін 2014 жылдан бері аштық. Біздің қоғам инватакси қызметімен 400-ге жуық адамды қамтамасыз етеді. Инватакси қызметін пайдалану үшін 1 тәулік бұрын тапсырыс беруі керек. Негізінен әлеуметтік маңызы бар нысандарға апарамыз,-дейді «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ инватакси диспетчері Алма Сармурзаева.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button