#Жаңа Қазақстан

Сайлау – «Ықпалды парламент» қалыптастырудың алғышарты

Өткен жылғы референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, өткізгелі отырған саяси науқанның өзіндік өзгешіліктері бар. Ерекше екпін түсіре айтар болсақ, Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша сайлау тетігі ұсынылып отыр.

Мұны өз кезегінде «Ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғышарты деп те бағалауға әбден болады. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеу тетігінде де өзгерістердің орын алғанына қарап, саяси жүйедегі оң бағыттарды бағамдауға болады. Сонымен бірге Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық жолмен сайлануы да сайлаудың басты жаңалығы ретінде астын сызып айтқымыз келеді. Осындай пікірге келуімізге депутат болғысы келген үміткерлерге партия тізімімен немесе қоғамдық ұйымдар атынан ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолымен де сайлауға қатысу мүмкіндігі болатыны себеп болып отыр. Бір мандаттық округтердегі сайлау өте белсенді болары күмән туғызбасы анық. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» келетін саяси бәйгеде елінің ертеңін, балаларымыздың болашағын ойлайтын нағыз халық қалаулыларының бәсі басым болатынына сенім мол. Аралас жүйеде өтетін саяси додада «атмойын» алда келер азаматтар мемлекетшіл, Әділетті Қазақстанның нағыз патриоттары болса деген үкілі үмітіміз бар екенін де жасыра алмаймыз. Халық қолдауына ие болып отыр­ған Президенттің тағдыршешті шешімдерін жүзеге асыруға аянбай атсалысайық, ағайын!

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай ­мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының ­академигі, ­Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button