Жаңалықтар

Сал ауруынан кешенді күтім сауықтырады

Кеше Дүниежүзілік балалар күніне орай Астанадағы №1 Мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Гүлнар Құлышева сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерді оңалтуды көздейтін жаңа жобаны таныстырды.

«Дені сау бала – ұлт болашағы» деп аталатын бағдарламада тірек-қоз­ғалт­қыш аппараттары зақым­дан­ған балаларды ерте жас­тан сауықтырып, психикалық, физи­ка­лық тұрғыдан дер кезінде дамуына көмектесу шаралары қарас­ты­рыл­ған.
– Дәрігерлеріміз осы әдістеме бойынша балалармен жұмыс істегелі екі жылдан асты. Сапалы құрал-жабдық сатып алғалы әрі сырқат балаларды ерте жастан кешендік күтіп-баптап, оқытудың арқасында бақылаудағы он алты баланың он шақтысы сауыға бастады. Нақтылай айтсақ, аурудың клиникалық ауыр­т­палықтары – бұлшықет спастикасы мен гиперкинезасы төмендеп, мінез-құлықтарында оң өзгеріс байқалды, бұрынғыдай тілдері күрмелмейтін болды. Тағы бір қуанарлығы, осындай диагноз қойылған үш баланы мейірімді жандар асырап алды, – дейді Гүлнар Ережеқызы.

Әйгерім БАЛҒАБАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button