Жаңалықтар

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» САРАЛАНБАҚ

Кеше ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дәстүрлі брифингте ағымдағы аптада орын алатын саяси оқиғалар легін жария етті. 

18 наурызда ҚР Премьер-ми­­нист­рі Серік Ахметовтың тө­­ра­­ға­­лы­­ғымен азаматтық авиация мен жа­­ңа бюджеттік саясат мә­­се­­ле­­ле­­рі­­не­­ қатысты отырыс өтеді.

19 наурызда С.Ахметовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, онда электронды үкіметті дамыту бойынша мәселелер қарас­ты­­рылады. Онда ҚР Көлік және ком­­­муникация министрі Асқар Жұ­­мағалиев, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өздері бас­шы­­лық ететін министрліктердің күн тәртібіне қатысты істеген жұ­­мы­­сын баяндайды. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын пысықтау жоспарда бар. Бағдарламаның орындалу барысы туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндап береді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button