#Жаңа Қазақстан

Салауатты өмір салтын басымдық етеді

Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында теннистен турнир өтті. Онда Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Елорда мәслихатының депутаттығына кандидат Азамат Әбдірахманов, Батыр Мадияр, Доктырбек Әділет және Мұхтар Смағұлов спорттың әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңыздылығын атап өтті.

«Әр бала «Артспорт» бағдарламасы бойынша спорт секцияларында тегін оқуы тиіс. Біз Артспорт қозғалысын қолдадық. Осының арқасында жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз. Бұл қадам – еліміздің болашағына жасалған батыл баспалдақ» деп атап өтті партияластар.

ҚХП балаларымыз үшін спорт және шығармашылық үйірмелеріне берілетін жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұлғайту, сондай-ақ мектепте тегін тамақтануды қолдайды.

Спикерлер Халық партиясының жастарға арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын қабылдауға жеке тоқталды. Тұрғын үй келесі талаптарға сәйкес келуі керек: 40-тан 78 шаршы метрге дейінгі аумақты қамтуы керек және үйлерге іргелес аумақ балалар алаңдарымен, автотұрақ орындарымен жабдықталуы тиіс.

ҚХП бағдарламасы бойынша жастарға ұсынылатын тұрғын үй келесі санаттарға бөлінеді: бірінші – 14 жылға дейінгі мерзімге сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй. Екінші – ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4 пайызбен қолжетімді тұрғын үй. Баспананы сатып алу мерзімі – 14 жыл. Үшінші – басқа құрылыс салушылардан жаңа баспана және қайталама нарықтағы тұрғын үй. Мұнда да ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4 пайызбен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button