Ел тынысы

Салиқалы сараптауға итермелейтін ақпараты мен дәлел дәйегі мол сұхбат

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұқбат беруі жақсы дәстүрге айналды. Сұхбат мемлекеттік тілді дамытуға, ұлт рұханиятына жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан қазақтілді белді басылымға берілді. Сұхбат бір уақытта екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жарияланатынын ерекше атап өткен жөн. Екі тілді аудиторияны тоғыстыратын аса маңызды сұхбат болды. Биыл “Ана тілі” газетінің сауалдарына ел Президентінің ашық, терең , кең жауап беруі көпшіліктің көкейіндегі көп сұрақтарға жауап болды.

Бұл сұхбат қазақстандықтардың елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нақты нәтиже күтуіне байланысты қоғамның қызығушылығын ерекше арттырып отырғаны белгілі.

Сұқбат бағдарлы. Сұқбат соңғы уақытта желдей ескен түрлі қауесет-өсектерге нүкте қояр дәйекті сұқбат.

Өз сұхбатында Мемлекет басшысы , экономикалық даму және реформаларды саралап, тұрақты экономикалық өсуді тұрақты қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру Үкіметтің басты міндеті болып табылатындығына баса назар аударған.

Мемлекет басшысы қаржылық-валюталық мәселеге тоқтала келіп, экономиканы басқарудың барлық деңгейінде кәсіби, құзыреттілік тәсілін күшейту қажеттігіне де назар аударды. Бұл ретте “Қазақстанға өңірлік ерекшеліктерді жақсы түсініп қана қоймай, нақты экономиканың заманауи тетіктерін терең, жүйелі білетін, ең бастысы, нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған батыл, төтенше және прагматикалық шешімдер қабылдай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Құзыретті дарынды кадрларды даярлауға, тартуға және ең бастысы, сақтап қалуға баса назар аудару елдің болашағы үшін экономикалық тұрақтылық пен егемендіктің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді” деді.

Инфрақұрылымдық даму бойынша даму бар екендігін айтқанымыз жөн. “Соңғы жылдары 7 мың километрге жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынды және реконструкцияланды, бұл көлік инфрақұрылымын дамытуға, логистиканы, өңірлер арасындағы байланысты айтарлықтай жақсартуға және экономиканың өсімін ынталандыруға қомақты үлесін қосуда. “ Біле білген адамға жол ел экономикасының күре тамыры. Қаншама елді мекендерге қан жүгірді деген сөз. Әрине жолдың дұрыстығы жолаушылардың да қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыратыны сөзсіз.

Сондай-ақ, Президент сұхбатында:
Қазақстанның парламенттік басқару жүйесіне көшуі туралы:
«Қазіргі уақытта және жақын болашақта президенттік басқару формасы Қазақстан үшін ең оңтайлы болып табылады” деп ел арасында бәз біреулердің ел арасында әдейі ұйымдастыратын қаңқу әңгімелеріне нүкте қойды.

Қаңтар туралы да ойын тағы ашық білдіре кеткені көпшілік көңіліне қонымды. Жасыратыны жоқ, іштегі де, сырттағы “жанашыр” кейпіндегі жекелеген адамдардың
саяси есептерді түгендеуі мақсатында жұрттың эмоцияларын басқаруға тырысып жүргені жасырын емес.

Елде үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Қаншама салада тоң басқан проблемалар еріп, сең қозғалды. Мемлекет басшысы айтқандай, еліміздің бес жылдық дамуының берік негізін қаланды. «Бұл бағытта жүзеге асырылған жобалар мен бастамалар өте көп, одан да көп болады».

Шынтуайтында, сұқбат ел Президентінің халыққа жолдауы тәрізді, парасат пайымы жоғары оқырмандарды терең ойға, салиқалы сараптауға итермелейтін ақпараты мен дәлел дәйегі мол азық деуге болады.

Сондықтан сұқбаттың мазмұнын қайталамайын, әр оқырманның өзі толық танысып шығуы дұрыс болар.

Бибігүл Жексенбай, 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button