Мәдениет

Салт-дәстүрді дәріптеген сайыс

Астана қаласы әкімдігі «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Смағұл Сәдуақасов атындағы №78 мектеп-гимназияда тіл шеберлігі сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойына қазақ тілінің асыл мұрасын, байлығын терең оқып-білуге үйрету, зерделеріне тоқу, халық ауыз әдебиеті мен әдеби тілінің көркемдігін дәріптеу, әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, жауһар қазынамыздың алтын діңгегі ретінде салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, ұлтымыздың тарихындағы алатын орнын айшықтап айту, осы айтылған мақсаттар арқылы ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, үлкенді сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу. ​

Іс-шара шарттары 4 кезеңнен тұрдыү Бірінші кезең – әдет-ғұрыптар, имандылық, әдеп тақырыбындағы мақал – мәтел сайысы, екінші кезең Наурыз мерекесіне қатысты, салт-дәстүрге байланысты викториналық сұрақтар, үшінші кезең – ұлтымыздың жарқын бейнесін көрсететін салт – дәстүрден көрініс көрсету. Төртінші кезең – ұлттық киімдердің сән шеруі. ​Сайысқа қатысқан оқушылар осы тақырып аясында жан-жақты дайындықтарын, тапқырлық ізденістерін, актерлік шеберліктерін, ұшқыр ойларын, терең ізденістерін көрсетіп, салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, қазақ тілінің мерейін асқақтатуға барынша күш жігерін жұмсады. ​Бұл сайыстағы ең басты ерекшелік – оқушы мен ата-ананың арасындағы байланысты нығайту, осы мақсатта ата – аналар, сайысқа қатысқан оқушының отбасы мүшесінен міндетті түрде қатысу мәселесі қамтылды. Бұл мақсат – өз дәрежесінде орындалып, ата-аналар өздерінің ұл-қыздарына деген ыстық сүйіспеншіліктерін керемет қарым-қатынастарын тақырыпқа сай айрықша шеберлікпен көрсетті. ​Сайыс нәтижесі бойынша бас бәйгені Ердәулет Үсенов қанжығасына байласа, I-ші орынды Жаңабай Ерасыл, II-ші орынды Нұрдәулет Үсенов пен Қойлыбай Бекболат, III-ші орынды Мұзалбек Шапағат, Аружан Мақатова Аружан, Дана Әзімхан иеленді. Арнайы аталымдар бойынша да мадақтамалар берілді. Іс-шараға қатысушы барлық жүлдегерлер мен белсенді қатысқан оқушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар, алғыс хаттар тапсырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button