Мәдениет

Салт-дәстүрді өнермен сабақтастырды

Елорданың Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Астана Опера» театрында «Тал бесіктен – жер бесікке» атты жаңа форматтағы театрландырылған сахналық қойылымын ұсынды. Камералық хордың көркемдік жетекшісі-бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова.

[smartslider3 slider=712]

Кеш барысында нәрестенің дүние есігін ашқан күннен бастап, адамның өсіп, азамат болуы, қарттыққа дейінгі сәттер әсем ән мен үйлесімді әрекет арқылы баяндалып, театрландырылған көрініс арқылы көрсетілді. Хор ұжымы ән айтып, өлең оқи жүріп, «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Сырға салу», «Сыңсу», «Жар-жар», «Той бастар» сияқты қазақ халқының салт-дәстүрлерін паш етті.

Кеште филармонияның Камералық хорымен қатар «Сарыарқа» ансамблі, «Халық әні» бөлімінің әртістері өнер көрсетті. «Бесік жыры», «Ахау, керім», «Балапан қаз», «Шилі өзен» секілді халық әндері, Абай Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып», Біржан салдың «Теміртас», Сәкен Сейфулиннің «Тау ішінде», Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш», Бақытжан Байқадамовтың «Он алты қыз» сынды әндерімен қатар Құрманғазы мен Махамбеттің күйлері орындалды.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button