Экономика

Салық есебінің үлгісі өзгерді

Тамыз айының 5-нші жұлдызынан бастап, еліміздегі қолданыстағы салық есебі үлгісіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Негізінде енгізілетін өзгерістер ҚР Қаржы министрінің 21 маусым күнгі бұйрығы бойынша бекітілген. Бұл бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді.

006

– Өзгерістер тек салық есебі үлгісіне ғана емес, толтыру тәртібіне де енгізілді. Мәселен, 200-ден 590-ға дейінгі үлгілерге өзгеріс енгізілсе, 700, 701.00, 701.01 үлгілерінің толтыру тәртібі өзгерді. Сондай-ақ, 100.00, 150.00, 230.00, 300.00, 910.00, 920.00 салық есебі үлгілерін де толтыру тәртібі бұрынғысынан бөлек, – деп түсініктеме берді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті Түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім бастығы Мәдина Қа­лиева.
Оның айтуынша, 100 салық үлгісінің толтыру тәртібінде Кәсіпкерлік кодексіне жасалатын сілтеме ҚР «Инвестиция туралы» Заңының күшін жоюына байланысты өзгерген. Ал 200 салық үлгісінде «Салық төлеуші санаты» деп жазылған жолда «АСЖ (арнайы салық жүйесін) қолданатын салық төлеуші, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер, акваөнім (балық шаруашылығы) мен ауыл шаруашылық тұ­тыну кооперативтері» деген нақтыланған редакция-да берілген. 230 үлгісінде толтыру тәртібіндегі сілтеме «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына өзгерген. Ол бұрын «Жемқорлықпен күрес туралы» Заң болып көрсетілген. Қалған үлгідегі өзгерістер, толтыру тәртібіндегі осындай толықтырулар салық төлеушілерге биылғы жылдың 5-ші тамызынан бастап қолжетімді болады. Олар жаңа үлгілермен 5-ші тамыздан кейін ғана таныса алады.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button