Мәдениет

Самал сыйлық алды

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының жетекші актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ­Самал Еслямова Ресейдің «Ақ піл-2024» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Аталмыш сыйлықты РФ киносыншылары, киножур­налистері және кинотанушылары тағайындаған. Канн кинофестиваліндегі жеңісі арқылы танылған Самал ­Еслямова «Әке сенбі күні қайтыс болды» фильміндегі рөлі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» аталымында топ жарды.

Бұл кинотуынды режиссері – Ресейге қоныс аударған қазақ қызы, Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі Зака Абдрахманова. Ол Марина Разбежкина мен Ми­хаил Угаровтың деректі фильм мен театр мектебін бітірді. Сонда оқи жүріп, «Жаным» атты автобиографиялық фильмін түсірді. Режиссер, сценарист, оператор ретінде «Мерейтойлық жыл», «Мандариндер», «Қыздар», «Гулаг балалары» секілді фильмдердің түсіріліміне қатысты.

Бұған дейін деректі фильм­­­дерді түсірумен айналысқан Заканың «Әке сенбі күні қайтыс болды» фильмі – алғашқы көркем фильмі. Бұл туынды «Ақ піл-2024» ұлттық сыйлығында «Үздік толық­метражды дебют» аталымын да иеленді. Қазақстанда түсірілген аталмыш кинотуындыға Самал Еслямова арнайы шақырылды. Сонымен қатар фильмде бірқатар қазақстандық әртістер ойнайды. Атап айтқанда, Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова, Венера Нигматулина, Лаура Тұрсынханова, т. б. көрінеді.

Дайындаған Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button