Жаңалықтар

Санақшыны шақыртуға болады

Соңғы мәлімет бойынша елорда тұрғындарының 80 пайыздан астамы ұлттық санақтан өтті.
[smartslider3 slider=481] Ұлттық санақ нәтижелеріне қарап халықтың өсімі, тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар секілді әлеуметтік нысандардың салынуы жайлы болжам құрастырылады. Сондықтан бұл іс-шараға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы болуы керек.
Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн-брифингте елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова мен ҚР Ұлттық статистика бюросы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов халықтың ұлттық санақтан өту барысы туралы мәлімет берді.
Санақтан өту үшін елорда тұрғындары 1446, 32 87 61 телефондарына хабарласып, мамандардан қай мекенжайда санақтан өтуге болатынын білуіне болады, сондай-ақ интервьюерлерді жұмыс орнына шақыртуға мүмкіндік қарастырылады. Сонымен қатар тұрғындар аудан әкімдіктерінде орналасқан санақ жүргізуші қызметкерлерге, Желтоқсан көшесі, 22 мекенжайдағы Статистика департаментіне келіп санақтан өте алады.
Санақ науқаны осы айдың соңына дейін жалғасады.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button