ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Санақтан шет қалма!

Интервьюерлер, еріктілер елордалық сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда ұлттық халық санағы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда жәрмеңкеге келушілермен, сонымен қатар «Big Шанхай», «Артем», «Тұлпар», «Евразия» сынды сауда-саттық орындарының келушілеріне де санақтан онлайн және офлайн өтудің жай-жапсары түсіндірілді.

[smartslider3 slider=632]

Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің қызметкерлері, интервьюерлер, еріктілер буклеттер таратып, сұрақтарға жауап берді. Тұрғындарға халық санағынан ресми сайт арқылы өтудің жолдарын көрсетті.
«Халық санағы қажетті жұмыс орындарын құру, еңбек ресурстарына талдау жасау, балабақшаларда, әлеу­меттік мекемелерде орындар құру және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін еліміздің демографиялық көрінісін көруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны халық санағынан өтті» деді қалалық статистика департаментінің бас маманы Айбек Қалиев.

[smartslider3 slider=633]

Бұған дейін елордалықты Қазақстан халқы Ассамблеясы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала тұрғындарын санаққа белсене атсалысуға шақырған еді. 30 қазанға дейін санақтан онлайн өтпегендердің үйлерін 1,5 мыңға жуық интервьюер-санаушы аралап шығады. Халық санағын онлайн өткізу мүмкіндігі тоқтатылғаннан кейін оны қайта іске қосу бойынша өтініштердің көптеп түсті. Нәтижесінде sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнама функциясы қайта қолжетімді болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button