Қала тіршілігіҚоғам

Сәнді де тәтті

Өткен демалыс күндері «Арай» саябағында көптен күткен «Astana food and fashion festival» атты тағам мен сән фестивалі өтті.

02

Фестиваль елордада осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жылы тек тағам фестивалі болса, екінші рет оған әдемілік әлемі қосылды. Мұндағы мақсат – отандық кәсіпорынды қолдап, ел экономикасына серпін беру, сонымен қатар демалыс күндері қалалықтардың жақсы тынығуына жағдай жасау.
Шара кезінде жұртшылық әр­түрлі кәсіпорындар ұсынған тәтті тағамдардан ауыз тиіп, сән әлемінің соңғы үлгілерімен танысты.
Талғам таразыға салынған фестиваль бірнеше аймақтарға бөлінді. Айталық, «Астаналық» деп аталатын аймақта ас үйге арналған заттардың бәрін көруге болады. «Көк базарда» 20 отандық өн­діруші табиғи өнімдерін ұсынды. «Жерұйық» секторында стрит-фуд саласындағы қызықты стартап-жобалар қойылды. Осы жоба арқылы адамдарға фастфуд пен стритфудтың айырмашылығы түсіндіріліп, келушілерге тез дайын­далатын тәтті тағам ұсынылды.
Ал «Pop Up Shop Astana» ай­мағында қонақтар дизайнерлік киім-кешектер, әшекейлер, интерьер заттары жәрмеңкесін және көркемдік галереяны аралады.
«Кинотеатр» секторында қазіргі заманғы фильмдер көрсетілсе, «Чиллаут» аймағында көпшілік жайлы ортада кофе ішіп, тынығуға мүмкіндік алды.
«Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға тікелей байланыс­ты.
Сондықтан біз фестиваль кезінде қалай дұрыс тамақтану керек, қандай тамақ пайдалы, азық-түлік сатып алған кезде неге мән беру қажет секілді көптеген мәсе­ле­лер­ге жұртшылықтың көңілін ауда­руға тырыстық» дейді «Astana food and fashion festival» атты шараның ұйым­­дастырушысы Әлия Сапарова.
Бұл ғана емес, «Арай» саябағының өзінде де астаналықтардың демалысын дұрыс ұйымдастыруға арналған қызықтар жетерлік. Ендеше, демалыста таза ауада демалғыңыз келсе, саябақта серуендеуге әбден болады.
Жоғарыда аталған фестиваль бағдарламасы аясындағы шаралар көрме өткеннен кейін де жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Соның аясында серіктестердің қызмет көрсету сапасына мониторинг жасау, жаңа әріптестерді шараға тарту сынды жұмыстар жүргізілмек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button