Жаңалықтар

Сапалы мектеп, білікті мұғалім

«Ертең – Мұғалімдер күні! Ұстаздар – өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беруші, болашағымыздың тәрбиелеушісі! Олардың жұмысы кәсібилікті ғана емес, ерекше қасиеттерді де қажет етеді. Себебі мұғалім балаларға тек білім беріп қана қоймай, зияткерлік әлеуетін ашуға, олардың мықты қасиетін анықтауға, біліміне сенуге және кәсібін таңдауға көмектеседі. Мұғалімдер мен педагогика саласының ардагерлерін кәсіби мерекесі – Мұғалім күнімен құттықтаймын» деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық мұғалімдермен кездесу кезінде.

[smartslider3 slider=530]

«Елордалық білім берудің негізі – сапалы мектеп инфрақұрылымы мен мұғалімдердің біліктілігі. Ұстаздардың күнделікті еңбегінің арқасында білімді азаматтар тәрбиеленіп өсті.
Ел басшылығы мұғалімдердің жағдайын жасауға және оларды қолдауға ерекше көңіл бөледі: 2024 жылға дейін жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға артып, біліктілікті арттыру бойынша бағдарламалар енгізілді, сол сияқты жоғары оқу орындарына гранттар бөлінді. Бұған қоса қолайлы жұмыс істеу және оқушы орындарымен қамтамасыз ету үшін жыл сайын оқу орындары салынып жатыр. Биыл 15 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Салыстырар болсақ, 2020 жылдан екі есе, 2019 жылдан төрт есе көп.
Сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй салып, тұрғын үй сертификаттарын бөліп жатырмыз.
«Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы» атанған мұғалімдер 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл ақшалай марапат өткен жылдан бастап енгізілді. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» және ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгілері, дипломдар берілді. Ал №7 «Аққу» балабақшасына, №85 мектеп-лицейі­не және Astana Polytechnic жоғары колледжіне 7 млн теңгеден гранттар берілді.
Ұстаздарымызды шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймын, Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін» деді өзінің құттықтауында Алтай Көлгінов.
Кеше елордалық мұғалімдердің құрметіне қала әкімдігінің ұйымдас­тыруымен «Астана» концерт залында «Ұстаз мерейі» концерттік бағдарламасы қойылды. Концертті Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік филармониясының «Шалқыма» би ансамблі ашты. Алтынай Жорабаева, Қанат, Света Айтпаевтар, Қайрат Баекенов, Алтынбек Әбділда сынды танымал әншілер, «Туған жер» балалар хоры,  сондай-ақ «Формат» тобы мұғалімдер қауымының көңілін көтеріп, қуанышқа бөледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button