Шаһар шежіресі

«Сапаржай» автовокзалы

Ақмола қаласының бұрынғы автовокзалы пайдалануға 1972 жылы беріліп, 1994 жылы ғимарат кеңейтіліп, қайта жаңартылды. Ол кезде мұнда көбіне облыстың аудандары мен ауылдарына және қала маңына қатынайтын автобус­тар бағдарларына қызмет көрсетілетін.

[smartslider3 slider=2761]

Кейін шаһар Астана мәртебесін алғасын автовокзал түбегейлі жаңартылып, «Сапаржай» деген атауға ие болды. Сондай-ақ жаңа автовокзалда жолаушыларды мінгізу, түсіру аймақтары кеңейтілді. Бірнеше билет кассаларымен, күту залымен және жүк сақтайтын камералармен жабдықталды.

[smartslider3 slider=2762]

«Сапаржайдан» қазір Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Павлодар қалаларынан басқа 14 бағыт бойынша қалааралық автобустар қатынап, 41 рейске қызмет көрсетіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button