Жаңалықтар

САПТАҒЫЛАРДЫҢ ӨНЕР САЙЫСЫ

IMG_3639

Кеше елорда іргесіндегі Қараөткел кентіндегі 5573-әскери бөлімінде ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлдесі үшін «Әскери керней» фестивалінің мерекелік саптық концерті салтанатты түрде ашылды. Астана әкімдігінің қолдауымен өткен игілікті шара – Қазақ хандығының 550  жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 және Ата заңымыздың 20 жылдығына арналды.

Осымен төртінші мәрте өтіп отырған мерейлі байқауға еліміздегі Ұлттық ұлан өңірлік қол­басшылықтары, Мем­ле­кеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің және Ресей Федерациясы ІІМ Ішкі әскерлерінің «Солтүстік-Батыс» өңірлік қолбасшылығы штабының (Санкт-Петербург) ор­кестрлері қатысты. Фестиваль аясында он әскери ұжым көпшілік алдында өз өнерлері мен кәсіби шеберліктерін сынға салып, әр шығарманы үйлесімді орындау мәнерімен сайысқа түсті. Таңертең Қараөткелден басталған мәдени шара кешке дейін жалғасып, қаладағы Есіл өзенінің жағасындағы Оқушылар мен «Жастар» сарайлары және «Қазақстан» спорт кешенінің алдындағы алаңдарда концерттік бағ­дарламаларын жұртшылық назарына ұсынды.
Байқауға қатысқан әскери ұжымдар барлығы бүгін кешкі 18.00-де елорда әкімшілігінің алдында мерекелік саптық концерт өткізбек.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button