Мәдениет

Сақ патшайымның бейнесі сахналанды

«Астана» концерт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сақ патшайымы Зарина» атты театрландырылған концерт өтті. Елорданың мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Сарыарқа» халық музыка ансамблі ­ұйымдастырған концерттің музыкасын аталмыш ансамбльдің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин жазып, Асхат Қошай сахналады. Әртістердің биін Лаура Мұқаева мен Әнел Исламова қойды.Зарина жастайынан атқа мініп, соғыс өнеріне машықтанған дала сұлуы, патша қызы еді. Бір күндері Зарина соңына нөкер қыз-келіншектерін ертіп, кең далаға аң аулап, көңіл көтеріп қайтуға шығады. Алдынан құланның үйірі қашып, оны қуып, қызықтап, байқаусызда алыстап кетіп қалады. Бір төбеден бір төбеге асып, құлан қуып жүргенде, алдынан қаз-қатар тізілген жау әскері көрінеді. Олар Заринаның әйел екенін білмей, дулыға киген жас жауынгерді қолға түсіру үшін қоршай бастайды. ­Зарина өжеттікпен қоршауды бұзып өтеді. Соңынан жау әскерінің батыры ­қуады.
Бір уақытта Заринаның санына оқ тиіп, жараланып, аттан құлайды. Ақсаңдап орнынан қайта ұмтыла бергенде, басындағы дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген қолаң шашы жібектей сусып беліне түседі. Қуғыншы Заринаның әйел екенін білген соң аттан секіріп түсіп, көмектесіп, көтеріп алады. Ай мен күндей сұлу келіншекті ұнатып қалады. Ол Мидия патшасының баласы, ханзада еді.
Желісі осылай тарқатылатын қо­йылымда жауынгерлік өнер, қыз намысы көрініс табады. Тәрбиелік мәні мен әсері мол концерттен көрермендер рухтанып шықты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button