Жаңалықтар

Сақтанған қапы қалмас

Көктемде елорданың кейбір аудандарын су басу қаупі туындайды. Қазіргі кезде қаладағы су тасқыны болуы ықтимал учаскелердің картасы әзірленді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті 309 адамнан тұратын топ құрды. Сондай-ақ, осынау шараға 49 бірлік техника, 12 жүзу құралы және тікұшақ тартылмақ.

Су тасқыны кезеңіне да­йындық жұмыстары бел­сенді түрде жүргізілуде. Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, адамдар көп жүретін 266 нысанда қар тазалау жұмыстары аяқталды.

Астана қаласының Орталық өңірлік аэро­мобильді жедел құтқару жасағы Есіл және Ақбұлақ өзендерінде мұз жағ­дайын бақылау және жа­ғаны патрульдеу бойынша кезек­шілік етеді.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жоюға қосымша 125 адамнан тұратын жедел әрекет ету жасағы, 48 бір­лік инженерлік техника тар­тылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button