Әлеумет

Сарайшық ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Астана қаласының Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі 1 сәуірден бастап өз жұмысын бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Зейнеткерлер үшін тегін үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Бүгінде оңалту гимнастикасы, тренажерлік зал, йога, скандинавиялық серуен, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, еңбек терапиясы, әлеуметтік желілер үйірмелері мен профилактикалық массаж бар.

Бүгін оңалту гимнастикасы мен теннистен, тоғызқұмалақтан, егде жастағы адамдарға арналған фитнестен алғашқы сабақтар өтті.

Орталыққа зейнеткерлерді тіркеу 17 наурыздан басталды, қазіргі уақытта Сарайшық ауданы бойынша 60 адам тіркелді. Орталыққа келіп тіркелу үшін зейнеткердің жеке куәлігі, зейнеткер кітапшасы, Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болу қажет.

Алдағы уақытта Сарайшық ауданында әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-әуесқой бағытында үйірмелер ашу жоспарда бар.

Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1 үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13 үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 үйде, Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44 үйде орналасқан.

Бүгінде 15 мыңнан астам қала зейнеткері тегін үйірмелер мен секцияларға қатысуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button