Қоғам

Сарайшық ауданының даму жоспары талқыланды

Бүгін елордалық мәслихаттың отырысында жаңа алтыншы «Сарайшық» ауданының даму жоспары және шағын аудандар мен тұрғын алаптардағы өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аудан әкімі Мақсат Саматұлы қаржылық қажеттіліктерді атап өтіп, қаржы бөлуді қажет ететін бірқатар басым бағыттарды айқындады. Олардың қатарында абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, вокзал маңындағы аумақты дамыту, ішкікварталдық жолдар мен инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ тұрғын алаптарға қолайлы жағдай жасау мәселелері бар.
-Депутаттар тарапынан айтылған ескертулерді мұқият зерделеуді тапсырдым, әсіресе жарықтандыру жүйесіне ерекше назар аудару қажет. Жаңа жылдан кейін депутаттарға декоративті жарықтандыру бойынша бірыңғай жоспар таныстырылады. Әлеуметтік нысандарға – ауруханалар мен мектептерге апаратын жолдарға басымдық беру тапсырылды. Бұл пешеходтық аймақтар мен жарықтандыруды жақсартуды да қамтиды, – дейді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button