Елорда тынысы

Сарбаздар үйіне оралды

Астана қаласындағы №6636 әскери бөлімінде қызмет атқарған сарбаздарды запасқа шығару құрметіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Әскери қызметшілерді запасқа шығару және үздіктерді көтермелеу туралы бұйрықты жариялаудан басталды. №6636 әскери бөлімінің командирі, полковник Ерлан Боранбаев запасқа шыққан әскери қызметшілерге қызметі үшін алғысын білдірді.

– Жыл бойы лайықты қызмет еттіңіздер. Бұл ересек өмірлеріңіздің бірінші кезеңі болды. Келесі кезеңде бейінді мамандық бойынша еңбек етсе, екіншілері Ұлттық ұланда немесе құқық қорғау органдарында әскери еңбегін жалғастырады, – деді әскери бөлімнің командирі.

Әскери қызмет мерзімі ішінде қызметтік міндетін адал атқарған 100-ден астам әскери қызметші полк командирінің құттықтауымен марапатталды.

Бұған дейін әскери бөлімшенің 11 ұланы мерзімді 2.0 бағдарламасы бойынша ел университеттерінде оқуға грант алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button