Мәдениет

«Сарра» драмасы – сахнада

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры сахнасында мамырдың 17-18 күндері кезекті премьера өтеді. Бұл жолы қаллекиліктер ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Роза Мұқанованың «Сарра» драмасын ұсынады.

Қойылымды Астанаға арнайы шақы­ртылған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ақтау қалалық Н.Жан­төрин атындағы Қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетек­шісі және режиссері Гүлсина Мерға­лиева сахналады.
Драманың бас кейіпкері Сарраның бейнесіне келсек, ол – ұрпақ жалғастығы үшін өзінің атақ-даңқын да, махаббатын да құрбан еткен әйел. Қойылымда Сарраның осы жолдағы жан азабы мен әйелдік қызғаныш өртіне түскен дерті суреттеледі.
«Біз – аз халықпыз, бізге көбею керек. Бабалардан қалған кең-байтақ жерге ешкім көз алартпау үшін өз жерімізге өз ұрпағымыз ие болуы қажет». Бас кейіпкер осы сөздерді ұстанады.
Спектакльде «Сарраны» үш актриса – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйла Бекназар-Ханинга, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лау-реаты Майра Омар және Сая Тоқманғалиева сомдайды. Ажар бейнесінде Айнұр Бермұхамбетова, Гауһар Жүсіпова, Алтынгүл Серкебаева көрінеді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button