Жаңалықтар

Нақ-нақ. 16-17 қазан

  • 2013 жылдың тоғыз айында қала бюджеті 105,6 пайыз орындалды. Бюджеттің кіріс бөлігі 100 млрд теңгеге толықты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсім 21,3 млрд теңгеге немесе 27,3 пайызға өсті.
  • Ертең Алаш тас жолы 15/1 мекенжайында орналасқан Орта­лық базар ғимаратында бос жұмыс орындар жәр­меңкесі өтеді.Жәр­меңкенің негізгі міндеттері – азаматтарды жұмыспен қам­туға жәрдемдесу, әлеуметтік қорғау шаралары, сон­дай-ақ еңбек нарығындағы ахуал жөнінде ақпараттар ұсыну.
  • «AstanaPianoPassion» халықаралық классикалық музыка фестивалінің ұйымдастырушылары жеңімпаздарға арналған марапат мүсіншесінің нұсқасын жасауға, сонымен қатар, «AstanaPianoPassion» жас пианисттер байқауына арналған сахнаны сәндеу үлгісіне ашық шығармашылық байқау жариялады. Жеңімпазға қомақты ақшалай сыйлық бар.

.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button