Қала тіршілігіМәдениет

Сарыарқа ауданындағы салтанат

DSC_9106

Кеше Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен №20 орта мектеп және «Жастар» театрының аумақтарында Наурыз мерекесі тойланды.

Бүгін №49 орта мектеп аумағында және 22 наурыз күні «Наз» театрының ал­дындағы алаңда Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлау жалғаспақ. Тұрғын алаптары халқына арналған ме­ре­келік концертті «Наз» театры және аталған мектепдің өнер­паздары көрсетеді. Кон­церттен бөлек түрлі спорт­тық сайыстар мен ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздарды қалалық мәслихат депутаттары марапаттайды. Қала кәсіпкерлері тойшыл қауымға наурыз көже, тағы басқа ұлттық тағамдарды ұсынады.

Сондай-ақ, Сарыарқа ауданының әкімдігі Астана қаласы Мәдениет басқармасы және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірге осы күндері қалалық алаңда өтетін мерекелік шараларға атсалысады. Ол үшін Бейбітшілік көшесі жағынан 8 киіз үй тігіліп, қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен бірге, қала мекемелері ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетеді.

Атап айтсақ, «Астана» медициналық университеті «Тұсаукесерді», Энергетика басқармасы «Бата беруді», Табиғи ресурстар басқармасы «Наурыз айтысты», «Астана Тазалық» ЖШС «Беташарды», «№3 автобус паркі» ЖШС «Ат қоюды», Сарыарқа ауда­нындағы «Парасат» ПИК қауым­дастығы «Ұлттық ойын­дарды», Білім басқармасы «Кешірім дәстүрін» және «Астана – жаңа қала» ЖШС «Көрісу-амандасуды» дайындап отыр.

Бұлардан басқа ҚР Қор­ғаныс министрлігінің Ор­та­лық ансамблі концерттік бағ­дарламаны ұсынады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button