Сарыарқа ауданында 43 заңсыз қоқыс орны жойылды
«Сарыарқа» ауданында рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Таза Астана» экоакциясы аясында Көктал көшесінде орналасқан рұқсатсыз қоқыс орнынан 600 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жыл басынан бері аудан аумағында 43 рұқсатсыз қоқыс орны жойылып, 37 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3846 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге саламыз, ірі көлемді және құрылыс қоқыстарын шығару Алаш тас жолының бойында орналасқан экополигонға жүзеге асырылуы тиіс. Абаттандыру ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.