Елорда тынысы

Сарыарқа ауданында кезекті аула ашылды

 «Халық қатысатын бюджет-2024» бағдарламасы аясында Астана қаласының Сарыарқа ауданында Н. Тілендиев, 42, мекенжайында абаттандырылған жаңа ауланың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында аулада әртүрлі жас топтарына арналған заманауи балалар алаңы орнатылды, демалу үшін орындықтары бар тыныш аймақтар жабдықталды. Сондай-ақ спорттық тренажерлар орнатылды. Балаларға қолайлы болуы үшін алаңға тартан жабыны төселді.

Айта кету керек, құрылыс маусымы басталғалы бері Сарыарқа ауданында 29 аула абаттандырылды. Одан бөлек, «Ақжайық», «Сиреневый» және «Чемоданов» тынымбақтары күрделі жөндеуден өтті, сондай-ақ Біржан Сал көшесіне қайта жөндеу жүргізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button