Қала мен Сала

Сарыарқа ауданында «Көктем-2024» оқу-жаттығулары өтті

Су тасқынына қарсы «Көктем-2024» ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығулары Сарыарқа ауданының аумағында өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Су тасқыны кезінде авариялық-құтқару іс-қимылдарын ауқымды пысықтауға 100-ден астам құтқарушы, өрт сөндірушілер, әскери, еріктілер және т. б. қатысты.

Сценарий бойынша қатысушыларға энергетикалық қосалқы станция мен республикалық трассаны су басудың алдын алу, адамдарды эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету міндеті қойылды. Тапсырмаларды орындау үшін құтқарушылар мен аудан әкімдігінің қызметкерлері бөгетті нығайту мен каналды қазындау бойынша іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Айта кетейік, «Сарыарқа» ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар қаңтар айының ортасынан бастап жүргізілуде. Осы уақыт ішінде арық-науа желілері, дренаждық және жаңбыр қабылдайтын құдықтар тазартылуда. Сондай-ақ, жеке сектордан тұрғындар жол жиегіне жинаған қар шығарылады. Бұдан бөлек, қар тазалау қарашадан бастап екі ауысымдық режимде жүріп жатыр. Мәселен, қыс мезгілінің басынан бастап бүкіл аудан аумағынан полигонға 830 мың текше метрден астам қар шығарылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button