Ел тынысы

Сарыарқа ауданында өрт болды

Астана қаласының Сарыарқа ауданында кеше түнде қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруді резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатты.

Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізіп, шамамен сағат 01-34-те алдын-ала болжам бойынша 500 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізді. Өрт сөндірушілердің күшімен өрттің толықтай жойылған уақыты – таңғы сағат 08-46.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button