Ел тынысы

Сарыарқа ауданында қоқыс тастауға рұқсат етілмеген 9 орын жойылды

Астана қаласының Сарыарқа ауданы аумағындағы қоқыс тастауға рұқсат етілмеген 9 орын жойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Аталған ауданының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Ауданнан жыл басынан бері 14 қоқыс орындары анықталып, 9 орыннан 17 мың тоннадан астам құрылыс қоқыстары шығарылды. Жыл басынан бері 11 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 550 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Айта кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button