Ел тынысы

Сарыарқа ауданында саябақтар жаңартылуда

Көктем келісімен қаланың аудандарындағы ойын алаңдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сарыарқа ауданындағы «Ақжайық» саябағының да ойын алаңы жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды аstana-akshamy.kz.

Аудан аумағындағы қоғамдық орындар жазғы кезеңге дайындау жұмыстары аясында ескі шағын сәулет нысандарын бөлшектеу және жаңасын орнату жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар аясында алғашқы жөндеу жүргізілетін нысандардың бірі – «Ақжайық» саябағы. Жаңа шағын архитектуралық нысандары саябақтың сыртқы келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасайды. Барлық монтаждау жұмыстары биыл 14 сәуірге дейін жалғасады.

Қала тұрғындарының демалып, серуендеуіне қолайлы «Ақжайық» заманға сай  абаттандырылған. 2018 жылы Батыс Қазақстан облысы елорданың мерейтойына тарту еткен саябақ Жеңіс және Бөгенбай көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақта субұрқақ пен 100 орындық амфитеатр бар. Сонымен қатар саябақ аумағында «Сиқырлы лабиринт» инсталяциясы, М. Мәметова ескерткіші, баскетбол ойнайтын және жүгіру алаңдары бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button