Елорда тынысы

«SARYARQA RUN» ауқымды марафоны өтеді

ҚР Конституциясы күніне арналған «SARYARQA RUN» жаппай марафоны 31 тамыз күні Астанада өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Старт қала әкімдігінің алдындағы қалалық алаңнан (Бейбітшілік көшесі, 11) басталады. Жарыстың жалпы қашықтығы – 5 км.

Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 24-30 тамыз аралығында (15:00-ге дейін) өтеді. Тіркелу тегін.

Нөмірлерді беру жарыс күні сағат 07:00-де өтеді.

Жарыстың басталуы – сағат 08:00-де. Қатысушылардың лимиті – 500 адам. Марафонға қатысушылар 16 жастан бастап қана қатыса алады.

Марафон аяқталғаннан кейін жеңімпаздар санаттар бойынша марапатталады:
– 16 жастан 49 жасқа дейінгі ер адамдар
– 16 жастан 49 жасқа дейінгі әйелдер
– 50 жастан жоғары ер адамдар
– 50 және одан жоғары жастағы әйелдер.
Олар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ марафонның қатысушыларына естелік медальдар беріледі.

Марафонға тіркелу үшін сілтеме: https://forms.gle/LwcDwNbSt5g8z1qj9.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button