Мәдениет

Сарыарқа саңлағы

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, жазушы, публицист Нұрғожа Ораздың 90 жылдығына арналған әдеби-рухани еске алу іс-шарасы өтті.

Тағылымды іс-шараның басында жұртшылық назарына торқалы жасқа толған көрнекті ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнебаян ұсынылды.

Ақтаңгер ақын Серік Тұрғынбекұлы торқалы жасқа толған ақынның қазақ әдебиетіндегі айшықты ізі жайында жүрекжарды сөзін айтып, өзінің әдебиет әлеміне келуіне Нұрғожа Ораздың тікелей ықпалы болғанын тебіреніспен жеткізді. Мемлекет және қоғам қайраткері Светлана Жалмағанбетова ақынның қоғамдық қайраткерлігін, солтүстік аймақтағы тіл мен өнердің дамуына жанкештілікпен үлес қосқанын айрықша атап өтті.

Қазақтың белгілі қаламгерлері Шәрбану Бейсенова, Роза Мұқанова, Қайсар Әлім, Жабал Ерғалиев, Жарасбай Сүлейменов, Баянғали Әлімжанов, Жылқыбай Жағыпарұлы, Мағжан Садыханұлы Сарыарқаның саңлағына баланған ақынның шығармашылық жетістіктері мен адамгершілік қасиеттері туралы тебіреніп әңгімеледі. Сондай-ақ Нұрекеңнің туған ауылынан келген меймандар мен шарапатын көрген шәкірттері де ыстық ықыластарын білдірді.

Іс-шара барысында Нұрғожа Ораздың өмірі мен шығармашылығына арналып шығарылған «Ғибратты ғұмыр» және «Весна души моей…» кітаптарының тұсауы кесілді.

Соңында Қазақ өнер университетінің жастары Нұрғожа Ораздың шығармашылығынан әдеби-композициялық қойылымдар орындап, кештің мән-мазмұнын айшықтап тұрды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button