Жаңалықтар

САРЫАРҚАЛЫҚТАР НАУРЫЗДЫ ОЙДАҒЫДАЙ АТАП ӨТТІ

IMG_7785

Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі Наурыз мейрамын биыл Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі де ойдағыдай атап өтті.

Мерекеде қала әкімдігі алдындағы  алаңда  елорда тұрғындары мен қонақ­тарына «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара ұйым­дас­тырылды. Бағдарламаға театр­лан­дырылған қойылым, байқаулар, спорттық және ұлттық ойындар енгізіліп, келушілер безендірілген киіз үйлер көрмесі мен  салт-дәстүр­лер көрінісін тамашалады. Көпшілік наурыз көже, палау, бауырсақ, тағы басқа тағамдардан дәм татты.

Жиналған қауымды Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов пен аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.

Т. Бигелдинов көшесі жағынан алаңға кіре беріске екі алтыбақан орнатылды.

Алаңдағы сахнада Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының әртістері өнер көрсетіп, Жастар театры ұйымдастырған «Көш керуен» атты қойылым ұсынылды.

Алаңда Бейбітшілік көшесі жағынан 8 киіз үй тігіліп, онда ұлттық салт-дәстүрлер көпшіліктің назарына тартылды. Сонымен қатар, аталған мерекеде «Сарыарқа  ауданының ең үздік киіз үйі» байқауының қоры­тындысы жария­ланды.

Нәтижесінде бірінші орын – Астана медицина университетіне, екінші орын Астана қаласы Қаржы бас­қармасына тисе, үшінші орынды «Астана Тазалық» ЖШС ие­ленді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және Сарыарқа ауданы әкімінің дипломымен марапатталды.

Сағи ОРАЛ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button