Қала тіршілігі

САРЫАРҚАЛЫҚТАР серпіні

Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту, абаттандыру айлығына сарыарқалықтар бір кісідей жұмылды.
Аудан аумағында орналасқан 2,3 мың кәсіпорындар мен мекемелер, түрлі ұйымдар, 36 мыңдай тұрғындар тазалық акциясына тайлы-таяғы қалмай қатысып, 151-ден астам техника күшімен 1060 тонна 360 келі қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, Тілендиев даңғылы бойында Придорожный көшесінен бастап солтүстік-батыс айналма жолға дейін және Сарыарқа-Абай көшелерінің қиылысындағы сая­баққа 646 түп ағаш отырғызылды. Жалпы аумағы 445 мың шаршы метрдей барлық саябақтар мен тыным бақтар қобырсыған қоқыстан тазартылды.
Әсіресе, пәтер иелері коопера­тивтері, №15, 7, 62, 46, 6, 2, 1 орта мектептің ұжымдары белсенділік көрсетті.
«Жастардың аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерінің жанынан
табылып, қолғабыс етіп, үлкен істің
бір шетінде жүргені көңілге қо­ным­ды. Қоршаған ортаның тазалы­ғына мұқият болуға үйрететін, олардың мәдениетін қалыптастыруда мұндай шаралардың берері мол. Соның бір көрінісі көпшілікпен өткен осындай сенбілік деуге болады» деп баға берді Сарыарқа ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button