БілімҚала тіршілігі

«Сәтті қадам» басталды

Бүгін жоғары оқу орындары мен колледждерді тәмамдаған түлектер арасында Қазақстанның жетекші ұйымдарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін «Сәтті қадам – Тағылымдама» жобасының екінші кезеңі басталды. Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтуге ниет білдірген үміткерлермен тұрақты комиссия сұхбат өткізді.

07

Аталған жоба елімізде үш жыл бойы табысты жүзеге асып келеді. Соңғы жылдары «Сәтті қадам» жобасы екі кезең бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші кезеңде жоғарғы оқу орындары және колледж түлектерінің қатарындағы жетім балаларды жұмысқа орналастыру қарастырылған. Екінші кезеңде тағылымдамаға баратындардың тағдыры шешіледі.
«Сәтті қадам» жобасы – бұл жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері үшін өз мансап жолдарын Қазақстанның ірі ұйымдары, ұлттық компаниялар, түрлі министрліктер мен ведомстволардан тағылымдамадан өтуге бастайтын бірегей мүмкіндік. Жобаға қатысушыларға 350 ең ірі ұлттық компания мен мемлекеттік органдарда тағы­лымдамадан өту ұсынылады.
Үміткерлермен сұхбатты бірнеше адамнан тұратын тұрақты комиссия қабылдайды. Әрине, онда қатысушы­лардың білім деңгейі ғана емес, сөз сөйлеу шешендігі, ашықтығы, білім мен жұмысқа ынтасы, адамдармен қарым-қатынасы да тексеріледі. Ал іріктеуден өткен түлектер тағылымдамадан өткенге дейін ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнату үшін әртүрлі тақырыптағы семинар-тренингтерге де қатысады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button