Жаңалықтар

«СӘТТІ ҚАДАМНЫҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ

партиялық жоба

Кешеден бастап еліміздің барлық аймағында жастардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыратын «Сәтті қадам» партиялық жобасының жаңа кезеңіне қатысуға құжаттарды қабылдау басталды.

Жастар арасында жұмысқа орналасу мәселесі ең өзекті тақырыпқа айналғаны жасырын емес. Жас мамандар қолына диплом тиген соң біраз уақыт жұмыс іздеп, уақыт жоғалтады. Мәселенің маңызын бақылай келе, жастардың өтінішіне байланыс­ты, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты жоғары оқу орындарының түлектеріне тәжірибеден өтуін ұйымдастыратын «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асырды. Енді аталған жобаның қатысушылары: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «ЭКСПО-2017» ҰК», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Астана Innovations» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық медицина холдингі» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ мен орталық және жергілікті органдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар.

Жобаға қатысу үшін үміткер өз түйіндемесін, толтырылған жеке анықтамасын, диплом және оның қосымшасының көшірмесін –
satti_kadam@zhasotan.kz электронды поштасына жіберуі тиіс. Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың тізімін, сонымен қатар, жобаның Ережесі туралы толық ақпаратты www.zhasotan.kz сайтынан білуге болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button