ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Сауда нысандары талапқа сай ма?

Сарыарқа ауданында «Көше саудасына – 1000 орын» бағдарламасы аясында аудан бойынша 215 жер телімі бөлініп, 204 павильон орнатылды.

[smartslider3 slider=169]

Аудан әкімдігі мен «Astana ӘКК» АҚ бірлесіп, апта сайын сауда нысандарына жүйелі мониторинг жүргізеді. Осы жылдың 16 қыркүйегіндегі мониторинг кезінде 5 павильон бойынша ескертулер берілді. Белгілі бір учаске шекарасынан шығуы, қоқыстың жиналуы және басқа да кемшіліктер анықталды. 4 павильон бір күнде кемшіліктерді жойды.
Конституция көшесі, 23 мекенжайында орналасқан көкөніс павильоны келісімшарт талаптарын сақтамаған. Бұл туралы нысан иесіне хабарлама жіберілді. Тиісті хабарлама үш рет берілген жағдайда кәсіпкермен келісімшартты бұзу жұмыстары басталуы мүмкін.
24 қыркүйек күні жүргізілген мониторинг қорытындысында 7 сауда нүктесі бойынша ескертулер берілді. С.Сейфуллин 17, Желтоқсан 26, Сарыарқа 29/1, Бөгенбай батыр 24/1, Н.Тілендиев 36/1а, Д.Бабатайұлы 21/1, Республика 7Б, Ш.Қосшығұлұлы 7/1 мекенжайларындағы сауда павильондарының жұмысқа сай талаптары сақталмаған. Атап айтқанда, кассалық аппараттар мен еңбек шарттары болмады. Санитарлық нормалар да талапқа сай келмеді.
«Аstana ӘКК» АҚ кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Конституция көшесі, 23 мекенжайындағы нысан қайта тексеріліп, кәсіпкердің кемшіліктерді жойғаны анықталды.
29 қыркүйекте Сарыарқа ауданындағы 13 мекенжайда орналасқан сауда нысандары тексерілді. Ең алдымен сауда павильондарының санитарлық жағдай нормаларына сәйкес болуына, ақаулары болмауына назар аударылды. Кәсіпкерлерге павильонның аумағы базарға айналмауы керектігі айтылды. Аралау кезінде 1 сауда орны жұмыс істемегені анықталды. 10 кәсіпкерге ескерту жасалды. 2 мекенжайдағы павильондарда кемшіліктер болған жоқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button