Жаңалықтар

Сауда орындары талапқа сай

Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп қаламызда орналасқан  ірі сауда нысандарының өкілдерімен кездесті.

[smartslider3 slider=1005]

Сарыарқа ауданында 8 базар және 20-дан астам ірі сауда үйі бар. Қазіргі таңда маңызды мәселенің бірі – нысан маңындағы санитарлық тазалық пен «Тіл» туралы Заңның ережелерінің сақталмауы. Сонымен қатар, мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде жер учаскесін өздігінен басып алу жағдайлары да анықталуда.

Осыған байланысты, кәсіпкерлермен «Жер қатынастары», «Тілдер», «Жарнама» туралы заңдардың  сақталуын, сонымен қатар сауда нысанының және оның маңындағы аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жөнінде талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері және өзге де тиісті салалық қызметтердің өкілдерінен құрылған мониторингтік топтың нәтижелі жұмыс істеуіне назар аударылуда.

Маңызды мәселенің бірі – әмбебап сауда базарларын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру аясында базарларды жаңғырту. Мемлекет басшысының стационарлық емес сауда базарларын стационарлық форматқа көшіру туралы тапсырмасы бойынша Сарыарқа ауданында 4 базарды жаңғырту жоспарлануда:

«Алтай» (Бөгенбай батыр даңғылы, 61);

«Көктал» (Көктал көшесі, 18);

«Сәлем» (Ұлытау және 20-40 көшелерінің қиылысы);

«Ұлжан» (Тілендиев даңғылы, 24).

Қазіргі уақытта жөндеу, абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізілуде.

Ірі сауда нысандары, бұл ең алдымен, еліміздің экономикасына әсер ететін фактор және тұрғындарды жұмыспен қамтудағы маңызы зор.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button