Қала тіршілігі

СӘУIР БОЛМАЙ, ТӘУIР БОЛМАЙДЫ

Қазақта «сәуiр болмай, тәуiр болмайды» деген сөз бар.
Сәуiр туғанда алғаш күн күркiрейдi, бөлек-бөлек «Жаз бұлты» шығады.

Кейбiр жерлерде сәуiр айындағы «бесқонақ» амалы өтпей, малшы-шопандар күн райы қанша тамылжып тұрса да, жайлауға көшпеген. Өйткенi, «бесқонақ» кезiнде ең болмағанда үш-бес күндiк суық, қар аралас жаңбыр жауатын болған.
Ертеде ақсақалдар: «отамалы – ойылған қыс, сәуiр – сәндi қыс, зауза-саратан, сенен де қорқам» деп мал баққан қазақты сақтандырған екен.
Осы сәттегi найзағайдың жарқылын халық «қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кеттi» деп есептеген.
Астана қаласының гидрометеорологиялық мониторинг орталығының директоры Людмила Чунтонова сәуiр айындағы ауа райының ахуалын былайша түйiндедi: «Ертең күннiң қызуы +11 көрсетедi. Сенбi күнi +14-ке дейiн көтерiледi. Жалпы, алдағы аптада жылы температура сақтала бередi. Бiздiң мониторинг бойынша, 17 сәуiр күнi +25 градус болуы мүмкiн деген болжам бар. Түйiндеп айтқанда, биылғы сәуiр малға да, жанға да жайлы болатын түрi бар».

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button