Сұхбат

САУЛО ЕЛБАСЫ ПОРТРЕТІН САЛУДА

Бірнеше күн бұрын елордада Францияның ұлттық күні құрметіне атақты француз суретшісі, мүсінші, көркемсурет өнерінің докторы Сауло Меркадердің жеке көрмесі ашылды. Өнерсүйер көпшілікке ру­хани ләззат сыйлаған шара барысында көрме иесін әңгімеге тартқанбыз.

Қазақ мәдениетіне қатысты көзқарасыңызды білдірсеңіз?

– Қазақтардың мәдени салтына аса құштармын. Әрі жан-дүнием осы халыққа жақын екенін сезем, бір үндестік бар тәрізді. Өткен жылы желтоқсанда Қазақстан астана­сында жеке көрмемді ашуға келісімімді бердім.

Содан бері осы шараға арнап арнап 40-тан астам туынды салып, осы көрмеге дайындап әкелдім.

Қысқаша өмірбаяныңызды білсек…

– Испанияда дүниеге келгенмін. 1974 жыл­дан бері Франциядамын. Сонда өстім, оқыдым, жұмысымды бастадым. Атақты Колумбия университетін тәмамдаған соң, сол оқу орнында шығармашылықпен қатар ұстаздық етудемін…

Біздің Астанамыз туралы не айтар едіңіз?

Мен Астанадан үлкен рухани байлық пен шығармашылық әсер алдым. Тіпті, осында жұмыс істеуден бас тартпас едім. Бұл өзгеше және өте тамаша ел. Мен қазақтың ұлы ақыны Абайды өзімнің рухани жолбастаушым, пікірлесім деп есептеймін. Себебі, мен Абайдай ойлаймын, бірдей сезінемін және бірдей тыны­стаймын. Абай – менің рухани ағам.

Қазіргі шығармашылығыңыз жөнінде әңгімелесеңіз.

– Тура қазіргі уақытта Париждегі ательем­де Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін салу үстіндемін. Ол туынды бір жылдан кейін бітіп қалуы мүмкін. Оның қандай антуражда болатыны әзірше құпия қалсын. Бір жылдан соң осында бас қосып, ол құпияны алдарыңызда ашатын боламын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button