Ел тынысы

Сауда үйіндегі бутиктен балалар киімін ұрлаған

Астанада ер адам сауда үйіндегі бутиктен балалар киімін ұрлаған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дүкенге келушінің заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сатушының басқа клиентке қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланып, ер адам ілгіштен балалар көйлегін шешіп алып күртесінің астына жасырған.

Өз әрекеттерімен қаскүнем 30 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел-іздестіру бөлімінің полицейлері ұрлыққа қатысы бар адамды ұстады. Ол бұрын сотталған елорданың 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Астана қаласы полиция департаменті сауда қызметкерлеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғану бойынша қосымша шараларды енгізуге кеңес береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button