Қала тіршілігіМәдениет

САЯБАҚТА САЙРАНДАП КҮН БАТҚАНША

ca5

5-7 шілдеде елордалық төрт ірі паркте «Астана аспаны» атты мерекелік шара ұйымдастырылады. Фестивальдің негізгі мақсаты – қала сыртында демалыс атмосферасын құру. Мұнда қатысқан Астананың әр тұрғыны көк аспан астында, табиғат аясында демалғанын сезінеді десек болады.

Фестиваль қонақтары шара барысында талғамына сай ермек таба алады. Қалалық парктерді Астананың аспаны біріктіреді. Әр парктің өз ерекшелігі болады. Мысалы, Студенттік бақта «Менің естеліктерімнің бұлттары» ретро бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылады. «Жерұйық» паркінде елорда тұрғындары мен қонақтары «Әлем жұлдыздары» этнобағдарламасымен танысады, ал Орталық мәдениет және демалыс бағында жас астаналықтарға арналған «Балалық шақ кемпір­қосағы», Ғашықтар бағында арманшыл жандарға «Махаббат күншуа­ғы» сынды шаралары өткізіледі.

Әр паркте келушілерге таң атқаннан кеш батқанша ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады. Демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық тамақтану орындары мен ораза ұстайтындарға ауыз ашуға арналған орындар ашылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button