Жаңалықтар

Саябақтар демалысқа шақырады

Елорда әкімдігі әр жексенбі сайын Астаналық саябақта тегін бұқаралық жаттығулар өткізу дәстүрін қалыптастырып отыр. Бүгінде таза ауа аясында жаттығу жасауға келетіндер қатары көбейіп келеді.

Енді елорда тұрғындары мен қонақтары жаз бойы «Астаналық», «Студенттік», «Жерұйық» және «Арай» саябақтарында да әр сенбі-жексенбі күндері сайын уақыттарын тиімді өткізе алады. Астана қаласының әкімдігі демалыс сайын сағат 15.00-19.00 аралығында аталған саябақтарда ауқымды мәдени бағдарлама мен спорттық-ойын сауық шараларды ұйымдастырады. Бас қаладағы мәдени орталықтар, би мен вокалдық топтар қатысатын бұл шаралар 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады.

Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына арналып, «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық ретінде қолға алынатын бұл пайдалы іс қала тұрғындары мен қонақтарының отбасылық демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Саябаққа келетін әр азамат классикалық музыка тыңдап, түрлі ойындарға қатысады. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлерімен, күлдіргіш клоундармен кездесіп, көңіл көтере алады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button