Жаңалықтар

САЯБАҚТАР САЛТАНАТЫ

Астана күні аясында «Күн әлемі» атты қалалық саябақтардың  фестивалі өтуде. Онда елорда тұрғындары мен қонақтары  «Жерұйық», «Арай» және «Астаналық» саябақтарда «ЭКСПО» халықаралық  көрмесінің тарихымен танысып, түрлі мерекелік шараларды қызықтауда.

20160704_113851

20160704_114204

Жоғарыда аталған саябақтарда тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  көз тартымды декорациялар қойылған.  Сондай-ақ, саябақтар әр  құрылықтарға бөлініп, өз ерекшелігімен көпшілікті таңқалдырды. Мәселен, «Астаналық» саябақ  халықаралық көрмені өткізген Еуропа мен Австралия мемлекеттерін бейнеледі.  «Жерұйық» саябағы Азия құрылығын мекендеген  Жапония, Корей, Қытай және Қазақстан мемлекеттерінің бай тарихын баяндады. Ал  «Арай» саябағында Солтүстік және Оңтүстік Америка орналасып,  «ЭКСПО» көрмесін өткізген АҚШ, Канада және Бразилия елдері жайында тағылымды дүниелер айтылды.

20160704_120310

Қызықты шара аясында  жұртшылыққа  түрлі халықтардың билері ұсынылды.

Ұлттық музыка аспаптарында  ойнау мен сурет салу шеберлігі бойынша көпшілікке шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен бірге қала тұрғындары мен қонақтары тәтті тағамдардан дәм татып,  «Роксанаки»,  «Көктүріктер», «Бугарабу»және «Арқайым» топтары өнерпаздарының музыкалық бағдарламаларын тамашалады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button